27 апреля 2016 г.



2016 жылдың 19 сәуірінде М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар залы мен ақпараттық библиографиялық бөлімі бірлесіп М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мектеп гимназиясының 7 «б»– сынып оқушыларына  «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Д.Бабатайұлының шығармашылығы туралы ақпараттық сағат  өткізілді. 
Мақсаты: Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру. «Зар заман» ақыны Дулат поэзиясына бойлау арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Дулат Бабатайұлы - қазақ халқының әдебиетінде елеулі орын алатын ақынның бірі болып табылатындығы, өз заманындағы ең білімді адамдардың бірі болғаны туралы айтылды. Шығармалары Отан, туған жер, атамекен жайлы. Өлеңдерінде туған жерге деген сезімін ерекше толғаныспен жырлаған. Заман туралы, халқының мұңы мен зарын, арманы мен қиялын жаны ауыра жырлаған ақын екендігі туралы мағлұмат берілді.
Бұл акция жыл бойы жалғасын табатын болады.
Қатысушылар саны – 40

В рамках акции «Одна страна – одна книга» 19 апреля 2016 года был проведен информационный час сотрудниками ИБО совместно с залом периодических изданий для учащихся СШ №3 им.М.Габдуллина. Час был посвящен творчеству Дулат Бабатайулы. Цель: рассказать о жизни и деятельности Дулата Бабатайулы акына «Зар заман», воспитание у подрастающего поколения патриотизма. Дулат Бабатайулы один из выдающихся акынов, занимающих отдельное место в казахской литературе, один из грамотных людей своего времени. Основное творчество посвящено Родине, родной земле. В стихах прослеживается особое чувство к родной земле. О времени, о чаяниях народа, о том тяжелом времени, о людских мечтах вот о чем говорится в его произведениях. Акция продолжается в течении всего года.
Посещение-40

Комментариев нет:

Отправить комментарий